Мексикада дүкендегі жарылыс пен өрттен 20-дан астам адам көз жұмды

Автор: Алмас Ерсін

Қаза болғандардың арасында төрт бала бар, тағы 12 адам жарақат алды

Фото: baku.ws

Мексиканың солтүстік-батысындағы Эрмосильо қаласында қайғылы оқиға болды. Дүкендегі жарылыс пен одан кейінгі өрттен кемінде 22 адам, оның ішінде төрт бала көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Құтқарушылардың мәліметінше өрт дүкеннің кіреберісінен шыққан, салдарынан көптеген адам сыртқа шыға алмай қалған. Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтап, жалынның көршілес ғимараттарға таралуына жол бермеді.

Түрлі дәрежеде күйік шалған тағы 12 адам ауруханаға жеткізілді.

Тергеу органдары оқиғаға қатысты тексерісті бастады. Техникалық ақаулық пен ғимаратта тез тұтанатын материалдардың болуы трагедияның негізгі себептерінің бірі ретінде қарастырылып жатыр.