$ 538.13  624.88  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 00:30
Әлем

Батыс Ніл вирусынан бір адам көз жұмды

Батыс Ніл вирусын жыл сайын 2000 америкалық жұқтырады

Батыс Ніл вирусынан бір адам көз жұмды
Фото: Freepik

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында Батыс Ніл безгегінен бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24.kz-ке сілтеме жасап.

Жыл басынан бері 14 тұрғын вирус жұқтырған. Мамандар індеттің өршуін жауын-шашынның аз түсуімен және су қоймаларына шоғырланатын инфекция таратушы масалардың белсенділігімен байланыстырады.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Батыс Ніл вирусын жыл сайын 2000 америкалық жұқтырады. Аурудың жеңіл түрінде дене қызуының көтерілуі, бұлшық еттің және бастың ауыруы, сүйектің сырқырауы, жүрек айну, бөртпе шығу және іш өту сияқты белгілер байқалады.

Еске сала кетейік, қыркүйекте Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова метапневмовирус қорқынышты ауру емес екенін мәлімдеген болатын.

«Ол ЖРВИ және тұмау сияқты суық тиіп сырқаттануға байланысты вирустардың бірі, ол ауа-тамшы жолы арқылы беріледі. Инкубациялық кезеңі: жұққаннан кейін 3–6 күн. Әдетте симптоматикалық ем тағайындалады: көп су ішіп, қызуды түсіретін препараттарды қолданып, тыныштық сақтау керек», – деді спикер.

Оның айтуынша 2024-2025 жылғы эпидемиялық маусымда 361 адам метапневмовирус жұқтырған. Биылғы эпидемиялық маусымда бірде-бір науқас тіркелген жоқ.

Серіктес жаңалықтары