Алайда тікелей Газаға кірмейді
АҚШ билігі Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату және тұтқындарды босату келісімінің орындалуын қадағалау мақсатында Таяу Шығыста арнайы үйлестіру орталығын құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Агенттіктің мәліметінше, орталықта шамамен 200 әскери қызметкер жұмыс істейді. Олардың арасында тасымалдау, логистика, қауіпсіздік және инженерлік жұмыс салаларында тәжірибелі мамандар бар.
«АҚШ әскері тікелей Газа секторына кірмейді, алайда өңірде бақылау және үйлестіру міндетін орындайды», - деп жазды AP дереккөзі.
Жаңа орталықтың басты мақсаты бітім келісімінің сақталуын қадағалау және Газа секторында азаматтық басқаруға өтуді қамтамасыз ету.
Миссияға АҚШ Қарулы күштерінің орталық қолбасшылығы (CENTCOM) мен өзге құрылымдардың өкілдері тартылады. Әскерилер аймаққа келіп, үйлестіру орталығын құру жұмысын бастап кетті.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху үкіметі ХАМАС-пен келісімді ресми түрде бекітті.
Келісімге сәйкес:
Қазіргі деректерге сүйенсек, 20 израильдік тұтқын тірі болуы мүмкін.
Бұл келісім – АҚШ президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыстағы бейбіт жоспарының алғашқы қадамы.
9 қазанға қараған түні Трамп Израиль мен ХАМАС АҚШ ұсынған бейбіт жоспардың бірінші кезеңіне келіскенін растады.
«Бұл келісім – Таяу Шығыста тұрақтылық орнатуға бағытталған маңызды қадам», – деді Трамп.