Алтын бағасы тарихтағы рекордтық деңгейге жетті

Автор: Темірхан Айжан

Унциясы 4 мың доллардан асты 

Фото: Freepik

Сәрсенбі күні алтын бағасы алғаш рет унциясына 4000 доллардан асып, рекорд орнатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Инвесторлар әлемдегі экономикалық және саяси тұрақсыздыққа алаңдап отыр. Сонымен бірге АҚШ-тағы пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуі мүмкін деген болжам да алтын бағасын өсірген.

Reuters деректері бойынша, алтынның нақты нарықтағы бағасы 0,9%-ға өсіп, 4017 долларға жетті, ал желтоқсан айындағы фьючерстер 4040 долларға дейін өсті.

Алтын дағдарыс кезіндегі ең сенімді актив болып саналады. Жыл басынан бері сары метал 53%-ға қымбаттаған. Сарапшылардың айтуынша, 2026 жылы да алтын бағасы қымбат болады.

Басқа бағалы металдар да қымбаттаған күміс – 1,3%-ға өсіп, 48,44 доллар, платина – 2,4%-ға өсіп, 1657 доллар, ал палладий – 2,3%-ға өсіп, 1368 доллар болды.