Ол бұл әрекетін 2017 жылдан бері жасап келген
Ұлыбританияның Дерби университеттік ауруханасында жұмыс істеген гинеколог Дэниел Хэй әйелдердің жатырын медициналық көрсеткішсіз алып тастағаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеу деректеріне сәйкес, дәрігер кей жағдайларда альтернативті емдеу тәсілдері болғанына қарамастан, ота жасауды жөн көрген. Бір науқас лапароскопия әдісі (денені аз зақымдайтын операция) неге қолданылмағанын сұрағанда, дәрігердің жауабы науқастарды таңғалдырған:
«Маған кескен ұнайды», - деп жауап берген ол.
Есепте Хэйдің агрессивті және бейэтикалық мінез-құлық танытқаны, сондай-ақ кәсіби этиканы жиі бұзғаны көрсетілген.
Дәрігердің күмәнді әрекеттері алғаш рет 2017 жылы анықталған. Тергеу комиссиясының мәліметінше, үш жыл ішінде көп әйел қажетсіз хирургиялық отаға ұшыраған.
Кейбір пациенттердің денсаулығы операция салдарынан ушығып кеткен.
Ұлттық денсаулық сақтау қызметі мен сақтандыру қоры жүзден астам зардап шегушіні тіркеген:
Бұл оқиға Ұлыбританияның медицина саласындағы ішкі бақылау жүйесінің әлсіз тұстарын және дәрігерлік этиканы қатаң сақтау қажеттілігін көрсетті.
NHS өкілдері болашақта мұндай жағдайларды болдырмау үшін қосымша бақылау және тәуелсіз аудит жүйесін күшейту жөнінде шаралар қабылдауға уәде берді.