Индонезияда мектептің құлауы салдарынан қаза тапқандар саны 14 адамға жетті
Қайғылы оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

Индонезияда Сидоарджо қаласында «Әл-Хозини» ислам мектеп-интернатының опырылып құлауы салдарынан қаза тапқандар саны 14-ке жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Известия» басылымына сілтеме жасап.
Соңғы мәлімет бойынша 103 адам құтқарылған. 49-ы із-түзсіз жоғалған. Құтқарушылар ауыр техниканың көмегімен үйінділерді аршуды жалғастырып жатыр.
«Құтқарушылар қазіргі таңда мектептің негізгі конструкцияға біріктірілмеген бөлігінің солтүстік жағына жұмылдырылған», - деп хабарлады билік өкілдері.
30 қыркүйекте не болды
Ява аралының шығысында 30 қыркүйекте мектеп ғимараты құлады. Үйінді астында 7 мен 11-сынып аралығындағы ондаған оқушы, негізінен 12-17 жас аралығындағы ұл балалар қалып қойды.
Биліктің мәліметінше кем дегенде 99 жасөспірім әртүрлі жарақат алған.