Франция президенті әйелінің ер адам емес екенін дәлелдеу үшін оның жеке фотоларын сотқа жолдамақ

Автор: Темірхан Айжан

2021 жылы Францияда бірінші ханымның ер адам екені туралы қауесет кеңінен тарады 

Фото: Thomas Krych/Zuma Press Wire/Shutterstock

Франция президенті Эммануэль Макрон мен оның жұбайы АҚШ сотына Брижит Макронның жынысын ғылыми тұрғыда дәлелдейтін айғақтар ұсынбақ, оның ішінде бірінші ханымның жеке суреттері бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Theguardian-ға сілтеме жасап.

Бұған дейін Америкалық саяси коментатор, белсенді Кэндис Оуэнс Брижит Макрон «ер адам болып туған» деп жариялаған болатын. Шілде айында ерлі-зайыптылар белсендіні жалған ақпаратты таратқаны үшін сотқа берген. Оуэнс «Брижит Макрон шын мәнінде Жан-Мишель Тронье есімді ер адам» деп, осы туралы сегіз бөлімнен тұратын подкаст сериясын да шығарды. Макрондардың адвокаты Том Клэрдің айтуынша, бұл ақпарат Франция президентін алаңдатып, Брижит Макронды қатты күзейтіп кеткен.

Адвокат сотта ғылыми сипаттағы сараптамалық қорытындылар ұсынылатыны айтты. Оның ішінде Брижит Макронның жүкті кезі, оның балаларының фотосуреттері болады.

Макрондардың талап арызында Жан-Мишель Троньенің Брижиттің бірге өскен ағасы екені және Францияның солтүстігіндегі Амьен қаласында тұратыны көрсетілген. Тронье 2017 және 2022 жылдары Эммануэль Макронның инаугурацияларына қатысқан.

72 жастағы Брижит Макрон күйеуінен 24 жас үлкен. Олар алғаш рет мектептегі театр студиясында танысқан. Брижиттің алдыңғы некесінен 1975, 1977 және 1984 жылдары туған үш баласы және жеті немересі бар.