Зерттеушілер геноцидтің 4 белгісін анықтаған
БҰҰ-ның тәуелсіз халықаралық комиссиясы баяндама жариялап, Израиль мен өзге де мемлекеттерге халықаралық құқық талаптарын орындауға, «геноцидті тоқтатуға» және кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Израильдің Газа секторындағы әрекеті БҰҰ-ның Геноцидтің алдын алу және оны жазалау туралы 1948 жылғы конвенциясының критерийлеріне сәйкес келеді», - деді комиссия төрайымы Нави Пиллэй.
Алайда Израильдің Женевадағы БҰҰ жанындағы елшісі Дэнни Ханон баяндаманы «біржақты» деп атап, ол «ХАМАС пен оның жақтастарының мүддесіне жұмыс істеп, Израильдің заңды мәртебесін жоққа шығаруды көздейді», - деп мәлімдеді.
Комиссия мүшелері Нави Пиллэй мен Крис Сидоти өз зерттеулерін 2023 жылғы 7 қазандағы ХАМАС шабуылынан кейін бастаған. Олардың шешімі бойынша, Израиль билігі мен күштік құрылымдары геноцид белгілерінің төртеуін жасаған:
Баяндаманың дерегінше, Израиль Газа секторына толық блокада енгізіп, гуманитарлық көмекті тоқтатты, оның арты ашаршылыққа ұшыратты. БҰҰ Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының мәліметінше, қалада әлі де 1 миллионға жуық адам соғыстың зардабын тартып отыр.
Комиссия Израиль тарапынан денсаулық сақтау мен білім беру жүйелерін жою, палестиндіктерге қатысты жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылық жасау фактілерін тіркеді.
Сондай-ақ зерттеушілер Израильдің 2024 жылғы наурызда Халықаралық соттың қабылдаған шешімін елемегенін атап өтті. Ол шешімде Израильге Газа халқына гуманитарлық көмекті кедергісіз жеткізу үшін «барлық қажетті және тиімді шараны» қабылдау міндеті жүктелген еді.
Комиссия барлық мемлекеттерді геноцидті тоқтату үшін өз қолындағы барлық құқықтық және дипломатиялық тетіктерді пайдалануға шақырды.