Жер сілкінісінің магнитудасы 6,2 балл деп бағаланды
Ауған гуманитарлық ұйымы Қызыл Жарты айдың дерегінше, жер сілкінісі салдарынан 1124 адам қаза тауып, 3251 адам жарақат алды. Сондай-ақ 8 мыңнан астам тұрғын үй қирады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жер сілкінісінен кейінгі алғашқы тәулікте қаза тапқандар саны туралы мәлімет бірнеше рет өзгерді:
Жер сілкінісінің магнитудасы 6,2 балл деп бағаланды. Құтқарушылар қираған ғимараттардың астынан адамдарды іздеуді жалғастырып жатыр. Елдің денсаулық сақтау министрлігі арнайы топ құрып, жүзге жуық маманды апат аймағына жіберген.