$ 537.75  626.43  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 15:41
Әлем

«ХАМАС» үшін тозақ қақпасы ашылады - Израильдің қорғаныс министрі

Ол ХАМАС-қа сес көрсетті

«ХАМАС» үшін тозақ қақпасы ашылады - Израильдің қорғаныс министрі
Фото: Дауд Абу Алкас, Reuters

Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац ХАМАС қозғалысына қатаң ескерту жасады. Ол Газада «тозақ қақпасы ашылады» деп мәлімдеп, тұтқындар босамайынша, соғыс тоқтамайтынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Израильдің Қорғаныс министрі Исраэль Кац ХАМАС радикалды қозғалысына қатаң ескерту жасады. Оның сөзінше, егер ұйым Израиль қойған талаптарды орындамаса, Газа қаласы толық әскери соққыға ұшырайды.

Ол әлеуметтік желідегі (X) жазбасында тұтқындар бомайынша, тозақ қақпасы жабылмайтынын айтты.

«Жақын арада Газадағы ХАМАС содырларының үстінен тозақ қақпасы ашылады. Бұл қақпа олар Израильдің шарттарын қабылдап, барлық тұтқындарды босатқанға дейін жабылмайды», - деді Исраэль Кац.

Израильдің негізгі талаптары:

  • Барлық тұтқындарды толық босату;
  • ХАМАС қозғалысы қаруын тастау керек;
  • Соғысты тоқтату жөніндегі келісімге келу.

Министрдің айтуынша, Израиль билігі Қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) Газада ХАМАС-қа қарсы қимылдарына қатысты жаңа жоспарды бекітті. Егер қозғалыс талаптарға көнбесе, Газа қаласы Рафах пен Бейт-Ханунға ұқсас әскери нысанаға айналады.

 

Серіктес жаңалықтары