Олар шетелдік тілшілерге Газаға кіруге рұқсат беруді талап етті
Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) журналистері мен БАҚ қызметкерлері жексенбі күні Си-Пойнт ауданында марш өткізіп, Газа секторындағы палестиналық журналистерді қорғауға шақырды және қаза тапқан әріптестеріне құрмет білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Марш Газа қаласындағы «Аш-Шифа» ауруханасы маңында болған әуе шабуылынан кейін ұйымдастырылды. Аталған оқиғада «Әл-Жазира» телеарнасының бес тілшісі мен бір тәуелсіз журналист қаза тапқан еді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, маршқа 2 мыңнан астам адам қатысты. Іс-шараны «Апартеидке қарсы журналистер» (JAA) тобы мен Палестинаға қолдау көрсету кампаниясы бірнеше ұйымдардың қолдауымен өткізді.
Маршқа қатысқан журналистер мынандай талап қойған: