Тайсон Шакил О’Нилдің подкастында ұзақ өмір сүруге қатысты ойын айтты
Әлемге әйгілі боксшы, бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Майк Тайсон жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Америкалық баскетболшы Шакил О'Нил Тайсоннан «60, 70, 80 жасқа дейін өмір сүргің келе ме?» деп сұраған.
«Мен сонша ұзақ өмір сүргім келмейді. 80 жасқа дейін өмір сүрмеймін деп үміттенемін!», — деп жауап берді Тайсон.
Майк Тайсон 1966 жылы 30 маусымда Нью-Йорк қаласының Бруклин ауданында дүниеге келген. 12 жасынан бокспен айналысуды бастаған, ол 1986 жылы 20 жасында ең жас әлем чемпионы атанды. 1987 жылы 21 жасында абсолютті әлем чемпионы титулын жеңіп алды.