179 сотталушы басқа жаққа ауысқан
АҚШ-тың Колорадо штатында штат тарихындағы ең ірі орман өрттерінің бірі салдарынан түрме эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
NBC News телеарнасы хабарлағандай, түрмедегі 179 сотталушы басқа жаққа ауысқан.
Арнаның дерегінше, өрт 167 шаршы мильді (432 шаршы км) қамтып, штат тарихындағы көлемі бойынша алтыншы орынды иеленіп отыр. Өртті мыңнан астам өрт сөндіруші өшіріп жатыр.
Бұған дейін, қаңтар айында Лос-Анджелесте болған орман өрттері рекордтық сақтандыру шығындарына әкеліп, тіпті 2011 жылғы Жапониядағы Фукусима апатынан кейінгі сақтандыру компанияларының шығындарынан асып түскені хабарланған еді.