Кездесу 15 тамызда болад
15 тамызда Ресей мен АҚШ басшылары Аляскада жүздеседі. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РИА Новостиге сілтеме жасап.
Юрий Ушаковтың айтуынша, Алясканы кездесу орны ретінде таңдау — геосаяси тұрғыдан қисынды қадам.
«Ресей мен АҚШ – тікелей шекаралас мемлекеттер. Делегацияның Берингов бұғазы арқылы тікелей ұшып келуі және маңызды саммиттің дәл осы жерде өтуі – екі ел арасындағы диалогқа жаңа серпін береді», – деді ол.
АҚШ президенті Дональд Трамп саммит жайлы келісімді жұма күні түнде жариялаған. Бұған дейін екі көшбасшының кездесуі 11 тамыздан кейін өтуі мүмкін екені айтылған еді.
Бұл кездесу — соңғы жылдардағы екі ел арасындағы ең жоғары деңгейдегі байланыс. Сарапшылар Аляска саммиті Ресей мен АҚШ қатынастарындағы жаңа кезеңнің бастауы болуы мүмкін деп бағалап отыр.