Оқиға орнында барлығы 16 жұмысшы болған
Үндістанның оңтүстігіндегі Андхра-Прадеш штатында орналасқан карьер жарылып, кемінде алты жұмысшы көз жұмып, тағы 10 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Карьер Бапатла округінде орналасқан. India Today басылымының хабарлауынша, тау жынысының үлкен бөлігі кенеттен опырылып құлап, жұмысшыларды басып қалған. Оқиға орнында барлығы 16 жұмысшы болған.
Жарақат алған он адамның төртеуі ауыр хәлде екені хабарланды. Қаза тапқандардың басым бөлігі Үндістанның шығысындағы Одиша штатынан келген жұмысшылар.
Жергілікті билік оқиғаға байланысты тергеу басталғанын мәлімдеді.