Жаңа «Аватардың» алғашқы трейлері шықты (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Фильмнің әлемдік премьерасы 19 желтоқсанға жоспарланған

Фото: instagram.com/avatar

20th Century Studios  студиясы «Аватар» франшизасының «От пен күл» деп аталатын үшінші фильмінің алғашқы ресми трейлерін таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңа бөлім тағы да Джейк Салли мен Нейтиридің отбасына назар аударады. Наʼви жаңа кланы – Күл халқының пайда болуы олардың тыныштығын бұзады.

Трейлерде таныс кейіпкерлер кездеседі – Сэм Уортингтон, Зои Салдана, Сигурни Уивер және Стивен Лэнг өз рөлін қайталайды. Жаңа кланның көшбасшысын сомдайтын Уна Чаплин актерлік құрамға қосылды.

Фильмнің әлемдік премьерасы 2025 жылдың 19 желтоқсанына жоспарланған, бірақ кейбір елдерде, соның ішінде Германия, Норвегия және Францияда көрсетілім 17 желтоқсанда басталады.