$ 546.36  630.44  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.07.2025, 11:47
Әлем

Сирияда кезектен тыс парламент сайлауы жарияланды

Уақытша парламенттің өкілеттік мерзімі - үш жыл

Сирияда кезектен тыс парламент сайлауы жарияланды
Фото: © istockphoto.com / Zhora Kochegarov

Сирияда 15-20 қыркүйек аралығында кезектен тыс парламент сайлауы өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бір күн бұрын әл-Ахмад елдің өтпелі кезеңіндегі президенті Ахмед аш-Шарааға сайлау жоспарын ұсынған болатын.

Оның айтуынша, президент тиісті жарлыққа қол қойғаннан кейін үш апта ішінде сайлау органдары құрылып, кандидаттарды тіркеу мен сайлауалды пікірсайыстарға жол ашылады.

Жоспарға сәйкес, жаңа Халық кеңесі 210 депутаттан тұрады. Оның ішінде екі үштен бірі халықтың тікелей дауыс беруі арқылы сайланса, қалған 70 мүшені ел президенті тағайындайды.

  • Биыл наурыз айында аш-Шараа өтпелі кезеңге арналған конституциялық декларацияға қол қойған. Құжатқа сәйкес:
  • Уақытша парламенттің өкілеттік мерзімі — үш жыл;
  • Қажет болған жағдайда, парламент қайта сайлана алады;

Халық кеңесі президентті қызметінен босату немесе өкілеттігін шектеу құқығына ие.

Сонымен қатар, декларацияда бастапқы кезеңде атқарушы билік толықтай президенттің құзырында болатыны көрсетілген.

Серіктес жаңалықтары