Үндістанға қонған ұшақтан өрт шықты

Автор: Темірхан Айжан

Зардап шеккендер жоқ 

Фото: Express

Сейсенбі күні Нью-Делидегі атындағы халықаралық әуежайда Air India компаниясының ұшағынан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Newindianexpress-ке сілтеме жасап.

Ұшақ Гонконгтан келіп қонған соң, құйрық бөлігі өртенген. Борттағы 158 жолаушы дін аман. Өрт көмекші күш қондырғысынан, яғни жерде тұрғанда ұшаққа электр қуатын беретін жүйеде шыққан. Оқиға жолаушылар түсе бастаған кезде болған. Әуе компаниясы бұл туралы тиісті органға хабар бергенін айтты.

«Көптеген жолаушылар өртті байқамады, дүрбелең болған жоқ», – деді әуежай өкілі.

Мамандардың пікірінше, бұл өте қауіпті жағдай емес. Жүйенің өзінде арнайы өрт сөндіргіш орналастырылған, кейбір ұшақтарда экипаж қолмен де өшіре алады. Алайда, әуе компаниясы әуе қозғалысын басқару қызметіне оқиға туралы бірден хабарламаған. Сондықтан олар қазір Air India компаниясынан түсініктеме күтіп отыр.