Салық үш кезеңде әртүрлі болмақ
2025 жылғы маусымнан бастап Грекия үкіметі танымал туристік бағыттар - Миконос пен Санторини аралдарына круиздік лайнермен келетін жолаушылар үшін жаңа салықтық тәртіп енгізді. Бұл шара туристік инфрақұрылымды қолдау және тұрақты туризмді дамыту мақсатында қабылданған, деп хабарлады Azattyq Rýhy.
Круиздік салық барлық жолаушыға, жасына қарамастан, күн сайынғы аралға түсу үшін міндетті түрде салынады. Бұл соманы тікелей круиздік компаниялар грек билігіне төлейді, ал өз кезегінде жолаушылардан ұстап қалады.
1 маусым – 30 қыркүйек аралығында (жоғары маусым):
1 сәуір – 31 мамыр және 1 – 31 қазан аралығында (орта маусым):
1 қараша – 31 наурыз аралығында (төмен маусым):
Егер круиздік компаниялар аталған салықты төлеуден бас тартса, порт әкімшілігі лайнерлердің грек порттарына кіруіне және туристерді түсіруіне тыйым салуға құқылы.
Эгей теңізіндегі Миконос пен Санторини аралдары — Грекияның ең танымал туристік бағыттары. Жергілікті тұрғындардың саны аз болғанымен, бұл аралдарға жыл сайын жүздеген мың шетелдік турист келеді. Жаңа салық жүйесі аралдардың туристік жүктемесін азайту және инфрақұрылымды жаңарту үшін енгізілген.