Түрмеден қашып кеткен наркобарон АҚШ-қа экстрадицияланды

Автор: Темірхан Айжан

Ол президентке үміткер болған адамның өліміне де қатысы бар делінеді 

Фото: SNAI

Эквадордың ықпалды қылмыстық тобының басшысы «Фито» лақап атымен танымал Адольфо Масиас Вильямар АҚШ-қа экстрадицияланды. Оған есірткі мен қару-жарақ саудасына қатысы бар деген халықаралық айыптар тағылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.

Масиас маусымда ұсталған. Ол қатаң режимдегі түрмеден бір жыл бұрын қашып кеткен болатын.

Дүйсенбіде Бруклиндегі федералдық сотта тыңдау өтеді. Адвокатының айтуынша, Масиас өз кінәсін мойындамаған.

Ол «Лос Чонерос» бандасын басқарған. Бұл топ Мексика мен Балқан елдеріндегі ірі қылмыстық ұйымдармен байланысты болған және президенттікке үміткер Фернандо Вильявисенсионың өліміне қатысы бар деп күдіктелуде.

Эквадор қазір әлемдік кокаин транзитінің басты жолына айналған. Ел азаматтарын шетелге экстрадициялауға биылғы референдумда рұқсат берілген. Президент Даниэль Нобоа қылмысқа қарсы күресті күшейтуге уәде еткен.