Ол қызы үшін бірнеше рет отбасын сақтап қалуға әрекет жасаған, бірақ жағдай өзгермеген
Ассам штатының тұрғыны Маник Әли ажырасқан күнін ерекше тойлауының арқасында әлеуметтік желіде танымал болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Hindustan Times басылымының мәліметінше әйелі одан бірнеше рет кетіп қалып, көзіне шөп салған соң ер адам некесін бұзуға шешім қабылдаған. Айтуынша, ол қызы үшін бірнеше рет отбасын сақтап қалуға әрекет жасаған, бірақ жағдай өзгермеген. Ол ажырасқан күні 40 литр сүтке жуынды.
«Бүгін менің басым бос!» - деп айқайлады ол.
Пайдаланушылардың пікірі екіге бөлінді. Көпшілік Әлидің бұл әрекетін құптап, оны «батыл» және «рухтандырушы» деп атады. Кейбірі бұл адамды ысырапшылдық жасағаны үшін сынады.
"Неге сүт? Оны мұқтаждарға беруге болар еді", - деп жазды қолданушылардың бірі.
Адамдар бұл видеоны репост жасай бастады. Нәтижесінде ол бүкіл әлемге тарап кетті.