Кеме бірнеше апта бойы өртенген
Тынық мұхитында үш аптаға жуық уақыт бойы өртенген Morning Midas атты жүк кемесі батып кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агентті The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
5 маусым күні Тынық мұхитында Morning Midas жүк кемесінде өрт шыққаны белгілі болды. Кеме бортында шамамен 3 000 автокөлік болған, оның ішінде 800-ге жуығы — электромобиль.
Компания өкілінің айтуынша, өрт палубадан шыққан болуы мүмкін, яғни электромобильдер орналасқан аймақтан. Өрттің нақты себебі анықталып жатыр.
Кеме бортында болған 22 теңізші өртті өз күштерімен сөндіруге тырысқан. Бірақ қауіпке байланысты олар кемені тастап шығуға мәжбүр болды.