Чехияда туристер алтын салынған жәшік тауып алды

Автор: Алмас Ерсін

Қазынаны кім және не үшін жасырғаны әзірге белгісіз

Фото: pixabay

Чехияның солтүстік-шығысындағы тауларда туристер құны жүздеген мың доллар тұратын алтын қоймасын тапты,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Туристер олжаны музейге өткізді

CNN хабарлауынша, аты-жөнін жасырған екі турист Чехияның солтүстік-шығысындағы орман арқылы қысқа жолмен жаяу жүрген. Серуендеп келе жатып, олар алюминий қорапты байқап қалған, оның ішінен:

  • 10 алтын білезік;
  • 17 темекі сауыт;
  • Опа сауыт пен тарақ;
  • 598 алтын монета шықты.

Шығыс Богемия музейі археологиялық бөлімінің басшысы Мирослав Новактың айтуынша, туристер олжаны бірден Градец-Кралове қаласындағы музейге әкелген.

"Олар біздің нумизматқа алдын ала жазылусыз келді. Осыдан кейін ғана археологтар олжаны зерттеуге кірісіп, табылған орынға барды", - деді Новак.

Қазына кімдікі

Қазынаны кім және не үшін жасырғаны әзірге белгісіз. Дегенмен қазына жүз жылдан аса сақталғаны және монеталардың бірі 1921 жылы шыққаны белгілі болды. Қазынаға толық тарихи баға беру әлі жалғасып жатыр, бірақ қазірдің өзінде салмағы 3,7 кг болатын алтын монеталардың құны шамамен 8 миллион 360 доллар болатыны айтылып жатыр.

Мирослав Новак чех заңына сәйкес археологиялық олжалар табылған сәттен бастап жергілікті өңірлік әкімшіліктің меншігіне өтетінін түсіндірді.