Ол тиісті жарлыққа қол қояды
АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында рецепт бойынша берілетін дәрі-дәрмектердің бағасын едәуір төмендетуге бағытталған жаңа атқарушы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ақ үйде еліміздің тарихындағы ең маңызды жарлықтардың біріне қол қоямын. Бұл жарлық нәтижесінде дәрі-дәрмектердің бағасы 30-80% төмендейді», – деді ол.
Трамптың айтуынша, бұл бастама Most Favored Nation (ең қолайлы жағдай ұстанымы) саясатына негізделген.
«Біздің ел енді дәрі-дәрмекке әділетті баға төлейді. Басқа елдерден артық төлейтін уақыт аяқталды», – деп мәлімдеді Трамп.
Экс-президенттің мәлімдемесінде бұл жарлық АҚШ азаматтарының денсаулық сақтау саласына жұмсайтын шығындарын күрт азайтуға бағытталғаны айтылған.
«Халықтың денсаулыққа кететін шығыны бұрын-соңды болмаған деңгейде қысқарады», – деді ол.