Елдегі жағдай қалыпқа келіп жатыр
Пәкістан билігі елдің әуе кеңістігіндегі барлық шектеулерді алып тастап, басты халықаралық әуежайлардың жұмысын қайта жандандырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Pakistan Today хабарлағандай, Карачи қаласындағы халықаралық әуежайдан алғашқы болып екі халықаралық және бір ішкі рейс ұшып шықты. Бұл – елдегі әуе қатынасының біртіндеп қалыпқа келе бастады деген сөз.
Әуе кеңістігіне қойылған шектеулер Үндістан тарапынан 7 мамырға қараған түні жасалған ракеталық соққылардан кейін енген болатын. Осыған байланысты бірнеше күн бойы әуе қатынасы тоқтаған еді.
Үндістан Қарулы күштері Пәкістан аумағында «Синдур» әскери операциясын бастаған. Үндістан Қорғаныс министрлігі бұл шабуылдарды террористік топтардың лагерьлеріне бағыттағанын мәлімдеді. Алайда Пәкістан билігінің дерегінше, соққы салдарынан 24 бейбіт тұрғын қаза тауып, 46 адам түрлі деңгейде жарақат алған.