Майкл Джордан гольфшы Тайгер Вудс пен футболшы Криштиану Роналдудан басым түсті
Аты аңызға айналған америкалық баскетболшы Майкл Джордан ең көп ақы төленетін 50 спортшының тізімін бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
62 жастағы ардагер қазіргі жұлдыздар – гольфшы Тайгер Вудс пен футболшы Криштиану Роналдудан басым түсті.
Sportico мәліметі бойынша алты дүркін Ұлттық баскетбол қауымдастығы чемпионының жалпы қаржылық табысы 3,8 миллиард долларды немесе доллар инфляциясын есепке алғанда 4,15 миллиард долларды құрады.
Джорданнан кейін Тайгер Вудс (инфляцияны есепке алғанда $1,91 млрд / $2,79 млрд) және Криштиану Роналду ($1,83 млрд / $2,23 млрд) келеді.
Ең бай 10 спортшының қатарына (инфляцияны есепке алғанда):
Сонымен қатар Испанияның «Реал» футбол клубы Laureus бағалауы бойынша 2024 жылдың үздік командасы деп танылды.