Дженнифер Лопестің концертіне билет сататын сайт «құлап қалды»

Автор: Аягөз Құрмаш

Сайт 11:00-ге дейін істен шыққан

Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Астанада 1 тамыз күні өтетін әлемдік әнші Дженнифер Лопестің концертіне билет сағат 11:00-де сатылымға шығуы керек еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанда алғаш рет өтетін концерттің билеттері www.ticketon.kz сайтында сатылымға шығуы керек болатын. Алайда сағат 11:00 болмай, сайт «құлап қалған».

Олар билет сатып алатын нөмірлерді көрсетіп, техникалық себептерге байланысты сайт уақытша жұмыс істемейтінін жазған.

Концерт «Астана Арена» стадионында өтеді.