Құрбандар саны артуы мүмкін
Доминикан Республикасының астанасында жүздеген адам жиналған клубтың шатыры құлап кеткен, салдарынан 98 адам қаза тауып, 150-ден астам адам жарақат алған. Үйінді астында қалғандарды құтқару жұмыстары жүріп жатыр, құрбандар саны арта түсуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.
Қаза тапқандар арасында провинцияның губернаторлары бар.
Санто-Домингодағы атақты Jet Set клубында әр дүйсенбі сайын кешке концерттер өтіп тұрады. Оны көруге елдің саясаткерлері, спортсмендері тағы басқа да лауазымды адамдары жиналады.
Оқиға орнында 400 құтқарушы жұмыс істеп жатыр.