Бұл жолы екі шағын ұшақ бір-біріне соғылып қалған
АҚШ-тың Аризона штатында екі шағын ұшақ соқтығысып, екі адам қаза тапты. Оқиға Тусон қаласының шетінде орналасқан Марана өңірлік әуежайы маңында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әр ұшақта екі адамнан болған. Бір ұшақ ұшу-қону жолағына қонған кезде, екіншісі жерге құлап, өртке оранды», – деп хабарлады Федералды авиация агенттігі.
Марана полиция басқармасы екі адамның өлімін ресми түрде расталды.
Апаттың нақты себебі әлі анықталған жоқ, тергеу жүріп жатыр.