Бұрынғы үкімет басшысына бомба лақтырған адам 10 жылға сотталды

Автор: Темірхан Айжан

Оқиға 2023 жылы сайлау науқаны алдында болған 

Фото: japantimes.co/Reuters

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Фумио Кишидаға шабуыл жасаған адам 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy AP-ке сілтеме жасай отырып.

2023 жылы 15 сәуірде сайлауалды науқаны кезінде Кишидаға қолдан жасалған жарылғыш затты лақтырған 25 жастағы Рюдзи Кимура ұсталған. Оған «адам өлтіруге әрекет жасады» деген айыппен қоса, тағы 4 айып тағылды. Жапон соты күдіктіні 10 жылға соттады.

Сотта Рюдзи Кимура Фумио Кишидағаны өлтіру ниеті болмағанын айтқан.

Бұрынғы үкімет басшысы ол кезде жарақат алған жоқ, бірақ оның жанындағы екі адам жеңіл жараланған болатын. Кимура дереу ұсталды.