Үйінді астында қалған адамдар бар
Қайғылы оқиға Кония провинциясында тіркелді. Үйінділердің астында адамдар қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Риа Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен құтқарушылар келді. Іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттың құлау себептері мен қанша адамның зардап шеккені әзірге белгісіз.