Халық саны 2048 жылы 5 млн адамға дейін өседі деп күтілуде
2024 жылдың соңындағы санаққа сәйкес Моңғолия халқының саны 3 546 700 адамға жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,2 пайызға көп. Бір жылда тұрғындар саны 42 мың адамға көбейді. Ұлттық статистика комитетінің хабарлауынша, Моңғолия халқы 1962 жылы 1 миллион адам, 1988 жылы 2 миллион адам және 2015 жылы 3 миллион адам болған. Ел халқының саны 2033 жылы 4 млн адамға дейін және 2048 жылы 5 млн адамға дейін өседі деп күтілуде.