Өзбекстанда мемлекеттік қызметшілер жұмысқа ұлттық киіммен барады

Автор: Мақсат Әсел

Ташкентте аптаның әр жұмасы мемлекеттік мекемелерде ұлттық киім күні болып бекітілді

Фото: istockphoto.com

«Ұлттық Ташкент» жобасын жүзеге асыруға бағытталған қаулыға Өзбекстан астанасының басшысы Шавкат Умурзаков қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Енді Ташкентте ұйымдастырылатын барлық бұқаралық іс-шаралар ұлттық нақышта безендіріледі және оның қатысушылары өзбек халқының дәстүрлі киімін киеді. Сонымен қатар, жоба аясында қала мен аудандардағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне тек жұма күні емес, күнделікті негізде ұлттық киім кию ұсынылды.