Ел президенті Бола Тинубу бұл ақпаратты растады
Нигер штатындағы жолдардың бірінде бензин тасымалдайтын көлік аударылып, жанармай жерге төгілген. Артынша көлік жарылып, 80 адам жан тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Синхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Тұрғындар аударылған көліктен төгіліп жатқан жанармайды құйып алмақшы болған.
2024 жылдың қыркүйегінде Нигер штатында дәл осындай жағдай болып, бензин тасымалдайтын көлік отқа оранған, салдарынан 48 адам опат болған еді.