Трамп өзінің криптовалютасын шығармақ

Автор: Мақсат Әсел

Алғашқы күні 200 млн, кейінгі үш жылда 1 млрд монета сатылады деп жоспарланып отыр

Фото: istockphoto.com

Алғашқы сағатта Дональд Трамптың криптовалютасын капитализациялау  3 млрд долларға жетті, ал бір жарым сағаттан кейін ол 4,3 млрд долларға жетті,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі DW сайтына сілтеме жасап.

«Жеңіс: біз бәрін атап өтетін боламыз, сол күн келді. Менің ерекше қауымдастығыма қош келдіңіздер», –   деп жазды жақында сайланған АҚШ-тың президенті.

Трамп сайлау кезінде криптоиндустрияны қолдаған жалғыз үміткер болды. Ол жеңіске жеткен соң биткоинның құны рекордтық деңгейге дейін өсіп, 100 мың АҚШ долларынан асып кетті.