Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті

Автор: Мақсат Әсел

10 қаңтар күні баррелі 80 долларға жетті

Фото: istockphoto.com

Мұнай бағасы күні бойы көтеріліп, күн соңында 4 пайыз өсімді көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Brent  маркалы «қара алтынның» құны  өткен жылдың қазан айынан бері алғаш рет барреліне 80 доллардан асты.  

Бұл – бір күнде тіркелген екінші рекорд. Алдымен баға 78 долларға жеткен, артынша өсім сәл баяулағанымен 80 долларлық межені бағындырды. Сарапшылардың айтуынша, бағаның көтерілуіне Ресей мен Иранға салынатын санкциялардың қатаңдатылуы мүмкін деген болжам себеп болған сыңайлы.

 

Тегтер: