Оларды құтқару қиындай түсті
Үндістанның Ассам штатындағы шахтада қалған тоғыз шахтерды құтқару мүмкін болмай жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Ассам штатының Дима Хасао ауданындағы шахтадағы апат дүйсенбі кешке орын алды. Көмір шахтасына апарар жолды жерасты суы жауып қалған. Құтқарушылардың әрекеті нәтиже берер емес. Суды сорғымен сорып алуға тырысқанмен, оларынан да түк шықпады.
Құтқару іс-шарасына Үндістанның әскерилері мен табиғат апат кезінде әрекет ететін күштері тартылған.