Камала Харристің үйі де бар: Лос-Анджелестегі өрттің қорқынышты фотолары тарап жатыр
Билік төтенше жағдай жариялап, 30 мың адамды эвакуациялауға бұйрық берген
Отқа оранған Лос-Анджелестің адам шошырлық фотолары мен видеолары тарап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тұрғындар үй-жайларын, көліктерін тастап, бас сауғалап кетті. Билік төтенше жағдай жариялап, 30 мың адамды эвакуациялауға бұйрық берді. 10 мыңға жуық ғимаратқа қауіп төніп тұр.
Өртеніп жатқан Пасифик-Палисейдс атты қымбат ауданда АҚШ-тың әйгілі адамдарының үйлері орналасқан. Оның ішінде вице-президент Камала Харристің резиденциясы да бар.
Сонымен қатар Том Хэнкс, Дженнифер Энистон, Риз Уизерспун сияқты жұлдыздардың үйлері орналасқан.
ВВС-дің хабарлауынша, Лос-Анджелестің айналасындағы ормандар өртеніп, қалаға қарай жайылған.
Калифорнияның орман шаруашылығы және өрттен қорғау департаментінің қызметкері Дэвид Акуна желдің жылдамдығы соншалық, өртті оқшаулаудың мүмкін еместігін айтқан.
Алдағы уақытта желдің жылдамдығы сағатына 160 шақырымға жетуі мүмкін.
Оның сөзінше, ең алдымен адам өмірі мен жануарлардың сақтап қалу маңызды, сондықтан құтқарушылар бұл ауданнан адамдарды мейлінше тез эвакуациялауға күш салып жатыр.