Солтүстік Кореяда хот-дог жеуге тыйым салынды

Автор: Мақсат Әсел

Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын хот-дог жегендерді жазалау туралы бұйрық берді

Фото: istockphoto.com

Аталмыш елдің көсемі тез дайындалатын тағам батысқа тиесілі болғандықтан оны жеу мемлекетке опасыздық жасаумен тең деп есептейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі   Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Енді хот-дог сатқан немесе үйінде дайындаған кез келген ел тұрғыны еңбек лагерьлеріне жіберіледі.

Солтүстік Кореяда хот-дог жеуден бөлек, ерлі-зайыптыларға ажырасуға да тыйым салынды.