Ақ үйді 1977-1981 жылдары басқарған Джимми Картер 29 желтоқсан күні қайтыс болған
100 жасында дүниеден өткен экс-президентпен қоштасу рәсімі сенбіде басталып, алты күнге созылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жерлеуге АҚШ-тың көзі тірі президенттерінің бәрі шақырылды. Джо Байден сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр. Байден АҚШ-тың Плейнс қаласындағы пошта қызметі нысандарының біріне Джимми мен әйелі Розалин Картердің есімдерін беру туралы жарлыққа қол қойды.
Мәйіті өмірінің 80 жылын өткізген туған қаласы Плейнстегі зиратқа әйелінің жанына жерленеді.