Бүгін, 01:03
Әлем

Мелания Трамп Ресей мен Украина арасындағы жаңа бітімнің мерзімін атады

Мелания Трамптың айтуынша, екі тарап келісімге келуге дайын болса, жаңа бітім Рождествоға дейін жасалуы мүмкін

Мелания Трамп Ресей мен Украина арасындағы жаңа бітімнің мерзімін атады
Фото: Kevin Dietsch/Getty Images

АҚШ-тың бірінші ханымы екі тарап та дайын болса, атысты тоқтату туралы келісімге қысқа мерзімде қол жеткізуге болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Fox News-ке сілтеме жасап.

Мелания Трамп Ресей мен Украина арасында жаңа бітім жасалуына үміт білдірді.

«Ең алдымен, атысты тоқтату туралы келісімдер санының артқанын шын жүректен қалаймын. Егер екі тарап – Украина мен Ресей – дайын болса, біз бұған қысқа мерзімде қол жеткізе аламыз. Біз бұл мәселені қазірдің өзінде талқылап жатырмыз. Сондықтан Рождествоға дейін тағы бір атысты тоқтату келісімі жасалуы мүмкін», – деді ол.

Айта кетейік, 23 қазанда Мелания Трамп Ресей мен Украина арасында Алешки қаласында гуманитарлық операция өткізу үшін әскери іс-қимылды уақытша тоқтату туралы келісімге қол жеткізгенін мәлімдеген еді.

Кейін ол Алешкидегі гуманитарлық миссия туралы айтып, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың тезірек аяқталуын тілеген.

Қараша айының басында АҚШ президентінің жұбайы Ақ үйде Ресей мен Украина өкілдері қатысқан кездесу өткізіп, Владимир Путин мен Владимир Зеленскийге жеке жолдауларын жеткізген.