Жапония жағалауында жойқын жер сілкінісі тіркелді

Автор: Алмас Ерсін

Жер сілкінісінің ошағы 470 шақырым тереңдікте орналасқан. Мамандар цунами қаупі жоқ екенін айтты

Фото: istockphoto.com

Тынық мұхитында, Огасавара аралдары маңында магнитудасы 7,0 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Синьхуаға сілтеме жасап.

Жапония метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 11:10 шамасында Огасавара аралдарының батысында тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 28 градусы мен шығыс бойлықтың 139,9 градусы қиылысқан тұста орналасқан. Жерасты дүмпуінің ошағы шамамен 470 шақырым тереңдікте болған.

Мамандардың мәлімдеуінше, жер сілкінісінен кейін цунами қаупі туындаған жоқ.