Бүгін, 01:44
Әлем
Жапония жағалауында жойқын жер сілкінісі тіркелді
Жер сілкінісінің ошағы 470 шақырым тереңдікте орналасқан. Мамандар цунами қаупі жоқ екенін айтты
Фото: istockphoto.com
Тынық мұхитында, Огасавара аралдары маңында магнитудасы 7,0 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Синьхуаға сілтеме жасап.
Жапония метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 11:10 шамасында Огасавара аралдарының батысында тіркелген.
Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 28 градусы мен шығыс бойлықтың 139,9 градусы қиылысқан тұста орналасқан. Жерасты дүмпуінің ошағы шамамен 470 шақырым тереңдікте болған.
Мамандардың мәлімдеуінше, жер сілкінісінен кейін цунами қаупі туындаған жоқ.
Көп оқылған
24.10.2026, 08:31
Петропавлда қыз жүріп келе жатқан көліктен секіріп кетіп, басқа көліктің астына түсті
24.10.2026, 12:31
Астанада автобус жүргізушісіне тап берген азамат ұсталды (ВИДЕО)
24.10.2026, 14:42
Алматы облысында жеңіл көлік дүкен ішіне басып кірді (ВИДЕО)
24.10.2026, 06:24
Атыраудағы НЗМ мұғалімі оқушымен хат алмасқаны үшін жұмыстан шығарылды
24.10.2026, 12:13
V Азия Пара ойындары аяқталды: ұлттық құрама 50 медаль еншіледі
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды