Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды

Автор: Алмас Ерсін

Төрт күн бұрын екі балықшы мінген қайық аударылған

Фото: istockphoto.com

Дагестандағы Сунак елді мекені маңында екі балықшы мінген қайық аударылып кеткен. Бірінің денесі бірден табылса, екінші балықшы арада төрт күн өткенде табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  Oxu.Az-ға сілтеме жасап.

Іздеу жұмыстары төрт күнге созылып, 24 қазанда аяқталды.

Операцияға 28 адам мен 12 техника жұмылдырылды. Оқиғаға байланысты Оңтүстік көлік прокуратурасы тексеру жүргізіп жатыр.

«Екінші жоғалған адамның денесі табылды. Іздеу жұмыстары аяқталды», – деп мәлімдеді өңірлік Төтенше жағдайлар министрлігі.