Ыстамбұлды нөсер су басты: қаза тапқандар бар

Автор: Алмас Ерсін

Мегаполисте 200 миллиметрден астам жауын-шашын түсіп, 1,3 мыңға жуық су басу оқиғасы тіркелді. Мектептерде сабақ тоқтатылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: istockphoto.com

Ыстамбұлда нөсер жаңбыр салдарынан 14 жастағы жасөспірім көз жұмды. Ол қолайсыз ауа райының алғашқы ресми құрбаны болды. Қайғылы оқиға 14 қазан, сәрсенбі күні Фатих ауданындағы Балат шағынауданында орналасқан Чукурбостан саябағында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Haberler басылымына сілтеме жасап.

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, жасөспірім шалшық суды басқан кезде электр тогы соғып, ауыр жарақат алған. Оны ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер аман алып қала алмады.

Қалада жауын-шашын мөлшері бір шаршы метрге 200 миллиметрден асқан. Ыстамбұлда су басуға қатысты 1,3 мыңға жуық жағдай тіркелді. Жауын-шашын әсіресе Бейкоз, Сарыер және Арнавуткөй аудандарында мол түскен.

Провинция губернаторы Давут Гүл тұрғындарды аса қажеттілік болмаса, үйден шықпауға шақырды.

15 қазанда билік Ыстамбұлда метеорологиялық қауіптің сары деңгейін жариялады. Қаладағы барлық мемлекеттік және жекеменшік мектептерде сабақ уақытша тоқтатылды.

Бұдан бөлек, мотоциклдер мен осыған ұқсас екі дөңгелекті көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. Жүкті әйелдер, мүгедектігі бар қызметкерлер, ардагерлер және сегіз жасқа дейінгі балалары бар аналар уақытша жұмыстан босатылды.

Соған қарамастан, Ыстамбұл әуежайлары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Рейстер тоқтатылған жоқ.