Түркияның оңтүстігінде жер сілкінді

Автор: Алмас Ерсін

Жер сілкінісінің ошағы 7 шақырым тереңдікте орналасқан

Фото: istockphoto.com

Түркияның оңтүстігіндегі Османие провинциясының Сумбас ауданында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы 7 шақырым тереңдікте орналасқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар басқармасының (AFAD) мәліметінше, жер сілкінісі сағат 14:43-те (Астана уақытымен 16:43) болған.

Жер сілкінісінің эпицентрі Сумбас ауданында орналасқан. Ошақ 7 шақырым тереңдікте тіркелді.

Сондай-ақ Адана провинциясының Саймбейли ауданында екі жер сілкінісі болды. Оның бірінің магнитудасы 4,8 болса, екіншісі 4,9-ды құраған. Олар сағат 14:19 және 14:36-да тіркелді.