Тегеран әскери әрекеттерді тоқтатуды, активтерін бұғаттан шығаруды және теңіз блокадасын алып тастауды талап етті
Иран Қатарлық делдал арқылы Америка Құрама Штаттарына соғысты тоқтату туралы ұсынысын жеткізді. Тегеран АҚШ президенті Дональд Трамптың жауабын күтіп отыр. Бұл туралы Иран Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Al Jazeera-ға сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Иран тарапы барлық майдандағы әскери әрекеттерді тоқтатуды, шетелдегі активтерді бұғаттан шығаруды және теңіз блокадасын алып тастауды талап еткен.
«Біздің шарттарымыз Катардан келген делдал арқылы америкалық тарапқа жеткізілді. Енді біз Трамптың жауабын күтіп отырмыз», – деді Резаи.
Иран Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы сондай-ақ Тегеран Сауд Арабиясы мен Йемен арасындағы соғысты тоқтатуды қолдайтынын айтты. Ұсынылған келісімге қатысты басқа мәліметтер жарияланбады.
Reuters таратқан мәліметке сәйкес, бұған дейін Трамп Иранның АҚШ-пен тікелей байланысқа шығып, келісім жасағысы келетінін мәлімдеген. АҚШ президенті жетінші айға созылған соғыс аяқталуға жақын деп үміт білдірді.