Су құбыры жарылып, жолды су алып кеткен
Токио аймағында болған 5,9 магнитудалы жер сілкінісі салдарынан жарақат алғандар саны 40 адамға жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жер асты дүмпуі 68 километр тереңдікте тіркелді. Тұрғындардың басым бөлігі ғимараттардың шайқалуы кезінде үйлерінде құлап немесе соғылып, жеңіл жарақат алған.
Ал екі адамның жағдайы ауыр екені анықталып, ауруханаға жатқызылды.
Токионың бір ауданында су құбырлары жарылып, көлік жолын су басты. Сонымен қатар бірқатар тұрғын үйде лифтілер автоматты түрде бұғатталды.
Елдегі инфрақұрылымға елеулі зақым келмеген және атом нысандарында ешқандай төтенше жағдай тіркелген жоқ. Тексеру жұмысы үшін уақытша тоқтатылған теміржол қатынасы толығымен қалпына келтірілді.