17.08.2026, 10:49
Әлем
Үндістанда ғибадатханада зиярат ету кезінде жеті адам көз жұмды (ВИДЕО)
Олардың үстіне электр бағанасы құлаған
Фото: видеодан скриншот
Үндістанның солтүстік-шығысындағы Бихар штатында Ашок Дхам ғибадатханасының маңында діни іс-шара барысында кем дегенде жеті адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға индуизм табынушысы Шиваның құрметіне дұға етіп, сумен ғұрыптық шомылу рәсімін жасау үшін ғибадатханаға 50 мыңға жуық зияратшы жиналған кезде болған.
Жергілікті полиция бастығы орынбасарының айтуынша, кептеліске электр жеткізу желісі бағанасының адамдардың үстіне құлауы себеп болған.
Жеті адам көз жұмып, ондаған адам зардап шекті. Олардың кейбіреулері ауыр жағдайда.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)