Ұшақ жерге қона сала оны полиция ұстады
Малайзия - Үндістан бағытындағы рейс бортында 36 жастағы Джамшир Атаникал крейсерлік ұшу биіктігінде апаттық шығу люгін ашпақ болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Одан мұндай әрекетке не себеп болғанын сұрағанда, ол «жай соны істегісі келгенін» айтқан. Бұған қоса, ол өзгелерге сес көрсетіп, қоқан-лоқы жасаған.
Экипаж мүшелері мен жолаушылар бұзақыны дереу тоқтатып, қолын пластик қапсырмалармен байлап тастады.
Ұшақ қонған бойда Атаникал тұтқындалды. Мәліметтерге сәйкес, ол үйіне жаңа туған сәбиін көру үшін бара жатқан екен.